Сенбі, 21 желтоқсан, 17:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесімен кездесу өтті

19.10.2023

663 0

Бүгін Қызылорда облыстық сотына Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұрбеков Айдын Маратұлы келіп, Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысы мен конкурстық рәсімдерді түсіндіру және білікті мамандарды тартуға арналған жиын өткізді.

Оған облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, судья болуға ниеті бар сот мамандары, судьялыққа үміткерлер қатысты.

Кездесу барысында судья болу үшін қойылатын талаптар, біліктілік емтихандары, тестілеу, кейстік тапсырмалары мен эссе жазу мәселелері  қозғалып, жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, судьяларды іріктеу сапасын арттыру және сот корпусын жаңарту бойынша жаңашылдықтар баяндалды.

Сонымен қатар, А.Нұрбеков судьялармен және үміткерлермен жеке қабылдау өткізіп, судьялыққа тағайындалу тәртібі туралы түсіндірме берді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: