Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жоғары колледж ұжымы жаңашылдықты қолдайды

27.05.2022

846 0

«AMANAT» партиясы жанындағы референдумды қолдауға арналған республикалық қоғамдық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.


Жиында рефендумға қатысты тың ойлар айтылып, штаб мүшелері «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.


«Конституциялық референдум мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем береді. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады. Ұйым қызметкерлерін ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде белсенділік танытуға шақырамын»,- деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев.


Сондай-ақ білім саласының өкілдерімен кездесуге облыстық штабтың мүшесі Мақсұт Нәлібаев және қалалық штаб мүшелері де қатысып, санаулы күндер қалған саяси шараның халықтың қолдауы арқылы жүзеге асатындығын атап өтті.


Кездесу соңында ұйым қызметкерлері аманаттықтарға өз ықылыстарын білдіріп, Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: