Жексенбі, 18 мамыр, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Жоғары колледж жұмысымен танысты

17.05.2025

76 0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы сақтандыру кеңсесі басшысы Скендер Сыла, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылары Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жұмысымен танысты.

Ғасырға жуық тарихы бар Қызылор­да медициналық жоғары колледжінде 2840 студент білім алады, 142 оқытушы еңбек етеді. Іскерлік ынтымақтастықты арт­тыруда шетелдердің меди­циналық оқу орындарымен тәжірибе алмасу тұрақты жүргізіліп келеді.

Білім ордасы Түркияның «Acibadem», «Liv Hospital», «Medicana Atasehir» және «Medical Park» клиникалар желісімен, Қырғызстан Республикасының меди­ци­налық қауымдастығымен, Өзбекстан Рес­пуб­ликасының Әбу Әли Ибн Сина қоғамдық денсаулық техни­ку­мымен, Рига медициналық кол­леджі­мен мемо­ран­думға отыр­ған. Сондай-ақ Талды­қорған меди­цина­лық жоғары колледжі­мен академиялық дербестікке жол ашу туралы меморандумға қол қойылды.

«Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» ма­мандығы бойынша 30 бітіруші солтүстік облыстарда, «Фармация» мамандығын бітіруші 6 студент Алматы қаласындағы «Ботаникалық бақта» практикадан өткен. Рига медициналық колледжінде 3 білім алушы оқуын жалғастыруда.

Колледждің материалдық-техни­ка­лық базасы жаңарып келеді. Пи­рог­ов интерактивті-анато­миялық, VR-жат­ты­ғу құрал­дары, AcademiХ VR, Academix 3D тренажерлары бар вир­туал­ды оқу каби­неттерімен жаб­дық­талған. Ем­дік фито­шайлар өсіретін «Жасыл аптека» жы­лы­­жайының макеті орналастырыл­ған.

Оқу ғимаратында акт залы, білім алушылар бос уақытында дем­алатын самалжай, хирургия, акушерия және гинекология, педиатрия, терапия сала­сының ар­дагерлеріне арналған атаулы каби­неттер бар. Тарих пәнінің оқыту­шысы А.Шарапатов атын­дағы, «Мейір­гер ісі негіздері» пәні бо­йынша атаулы кабинеттер және спорт залмен де жабдықталған.







 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: