Жексенбі, 01 маусым, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Жоғары оқу орындары шекті балды өздігінен жоғарылата ала ма – Ғылым министрі жауап берді

30.05.2025

206 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақордада өткен жиында биыл кейбір жоғары оқу орындарының шекті балды неге көтеріп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер министрге Жоғары оқу орындары кейбір мамандықтар бойынша  шекті балды өздігінен көтере ала ма, деген сауал қойды.

Министрдің айтуынша, педагогикалық мамандықтар бойынша ең төменгі шекті балл – 75. 

«75 балл – бұл педагогикалық мамандықтар бойынша ең төменгі шекті балл. Бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандықтарға мықты, білімді талапкерлер түсуі үшін осындай шешім қабылданған еді. Ал сіз айтып отырған 135 балл – бұл кейбір жеке университеттердің жасап отырғаны. Олар қазір үлкен инфрақұрылымдық тапшылықты бастан кешіп отыр, сондықтан көп талапкерді електен өткізу үшін шекті балды жасанды түрде көтеріп отыр», – деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, мұндай тәсілді кейбір танымал жеке жоғары оқу орындары қолданады. 

«Академиялық еркіндік аясында бұл – әрбір университеттің құқығы. Әр жоғары оқу орны өз мүмкіндігіне, инфрақұрылымына қарай шекті баллды белгілеуге құқылы. Бірақ мемлекет пен министрлік педагогикалық мамандықтар үшін белгіленген ортақ шекті балл – кемінде 75 балл. Оны әзірге көтермейміз, себебі педагог кадрлар тапшылығы сезіліп отыр», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: