Жұма, 27 желтоқсан, 06:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жүргізушілер автогаз тапшылығына шағымдануда

18.11.2023

736 0

Сурет: stan.kz

Еліміздің оңтүстігінде жүргізушілер автогаз тапшылығына шағымданды. Сөздерінше,көгілдір отын үшін олар сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркістандағы екі газ құю бекетінде ғана сұйық отын бар. Кезекке тұрған көліктерге автогаз шақтап құйылады. Тапшылық Шымкентте де сезіліп тұр. 

“Жұмыстан кейін 2-3 сағаттап тұрамыз. Кезегіміз келген кезде газ бітіп қалады. Қазір жұмыстан келдім. Тамақ ішпей тұрмыз, 40 минуттай болды. Амал жоқ, қалай жұмыс істейміз? Қымбаттататын болса қымбаттатсын, 5 теңге қосу керек болса, қоссын. Оған да көнеміз. Масқара ғой мынау”, – деді иұрғын Бекзат Ергешбаев. 

Қалаға қажет 10 мың тоннаның орнына осы айда небәрі 7,5 мың тонна автогаз бөлінген. Сырттан келетіндер де автогаз тапшылығын тудырып, Шымкентке бөлінген лимит тез таусылып жатыр. Шенділердің сөзінше, бастысы зауыттан шыққан газды тасымалдайтын вагондар жетпей жатыр екен.

“Біз энергетика министрлігімен жұмыс істейміз. Көлем жетпейді деп жаздық. Ал ҚТЖ-ға хат жазған жоқпыз. Олармен күн сайын байланыстамыз. Арнайы кураторы бар, бізден шыққан вагонды тездетіп жеткізіп берудің жолын қарастырады. Жағдай енді тұрақталып жатыр, 10 күн болды, вагондар аз шығатын. Түркістан облысына 20 вагон шықса, бізге 6 вагон тәулігіне шығатын”, – деді Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Ілияс Есжанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: