Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы табысты жүзеге асуда

29.10.2023

507 0

Өңірде халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу басты міндеттердің біріне айналған.
Мемлекет басшысы мен Үкіметтің осы бағыттағы тапсырмасын орындау үшін «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» жүзеге асырылуда.

Қазір жылдық меже 84,2 пайызға орындалып (жоспар 43 898), 36 967 жұмыс орны ашылды.

2930 аймақ тұрғыны ұлттық жобалар шеңберінде ашылған жаңа жұмыс орындарына тартылды (жоспар 4905 немесе 59,8%).
8397 азамат еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарына орналастырылды (жоспар 13248 немесе 63,4%).

Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің жеке бастамасымен 9503 азамат жұмысқа орналасты (жоспар 10651 немесе 89,2%).

722 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алды (жоспар 1526 немесе 47,3%).

«Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» арқылы 15042 өңір тұрғыны субсидияланған жұмыс орындарымен қамтылды. Жұмыспен қамтылған азаматтарға міндетті зейнетақы жарнасы 91 пайыз аударылып, 96 пайызының электрондық еңбек келісім-шарттары тіркелді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастарға жан-жақты қолдау көрсету үшін жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілуде.

Жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін 373 жас кәсіпкерге 1 млрд. 787,4 млн. теңгенің несие портфелі мақұлданып (жоспар 457 адамға 2 млрд. 285 млн. теңге), оның ішінде 281 жас кәсіпкердің жалпы құны 1 млрд. 242,5 млн. теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.

Осылайша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға (республика –3,6%) төмендеп, жыл соңына дейін жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып (республика – 4,9%) деңгейінде сақталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: