Сәрсенбі, 28 мамыр, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Жұмысшыларына 100 пәтер сыйлаған кім?

27.05.2025

160 0

Фото: Ertenmedia

Белгілі кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлеріне бұрын-соңды болмаған ерекше сый жасады.

Ол өз компаниясында еңбек ететін 100 қызметкерге Алматы қаласынан жаңа пәтерлердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Кәсіпкердің айтуынша, мұндай ауқымды әлеуметтік бастама туралы идея 2024 жылы пайда болған.

«Олар ұзақ жылдар бойы жанымда еңбек еткен қарапайым жұмысшылар. Арнайы комиссия құрылып, мұқтаж қызметкерлерді анықтады. Көпшілігінің өмір бойы өз баспанасы болмаған», – деді Алагөзов.

Пәтерлер қарапайым еңбек адамдарына – еден жуушыларға, жүк тасушыларға, жүргізушілер мен техникалық қызметкерлерге берілген. Баспаналы болғандардың басым бөлігі компанияда 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Ал басшылық қызметтегі адамдардың үлесі 3-4 пайыздан аспайды.

Тұрсынғали Алагөзов қызметкерлерінің күн сайын ауыр еңбек атқаратынын және олардың адалдығы мен еңбегін бағалау үшін осы қадамға барғанын ерекше атап өтті.

Бастаманы кәсіпкердің отбасы мүшелері де растады. Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде күйеуінің шешімін құптап, оған алғысын жеткізді және бұл қадамына мақтанатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: