Қызылорда облысында апта сайын ұйымдастырылатын жаппай сенбілік бүгін де жалғасты.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сенбілікке шыққан 128 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері 4 000 тоннадан астам қоқыс қалдықтарын жинады. Скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, өзен, көлдер аумағы, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар тазаланды. Көшелердің бойында, көпқабатты, жер үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары атқарылды. Жұмыс барысында 900-ден астам техникамен қоқыс тасымалданды, жер тегістелді.Еске салайық, жыл басынан облыс аумағына климатқа жерсінетін 95 353 көшет егілген.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!