Сәрсенбі, 24 желтоқсан, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді

24.12.2025

56 0

2025 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери басқару органдарын, құрамаларды, әскери бөлімдер мен мекемелерді жоспарлы даярлау жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді


Оқу жылы барысында жауынгерлік даярлық бойынша шамамен 60 мың іс-шара өткізілді, олардың 17 мыңнан астамы түнгі жағдайларда ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі Құрлық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің үлесіне тиесілі болды.

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өткізілді


Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшқыш құрамын даярлау деңгейінің оң серпіні атап өтіледі. Жыл ішінде күндізгі және түнгі уақытта шамамен мың ұшу ауысымы орындалды. Әуе әскерлерінің түрлі тектегі экипаждары ұшқыштық техникасын жетілдіру, күрделі метеорологиялық жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау, сондай-ақ жер үсті және әуе нысандарына қарсы жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды кезең-кезеңімен пысықтады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдерінде 760 жауынгерлік үйлестіру іс-шарасы өткізілді. Әскери-теңіз күштерінде есепті кезеңде 188 рет теңізге шығу жүзеге асырылып, кеме экипаждарының жалпы жүзу қашықтығы 25 мың теңіз милінен асты.
Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері мен арнайы әскерлер бөлімшелерін үйлестірудің қорытынды кезеңдерінде шамамен 4,5 мың жауынгерлік атыс пен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шаралар барысында әртүрлі жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді тікелей орындау мәселелері арналымына сәйкес пысықталды.
Сонымен қатар жыл ішінде «Айбалта», «Десант», «Жауынгерлік достастық», «Каспий бризі» сынды ірі жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық және арнайы оқу-жаттығулар өтті. Олардың аясында Қарулы Күштердің түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталып, соңғы жылдардағы әскери қақтығыстар тәжірибесін талдау негізінде әзірленген бөлімшелерді қолданудың жаңа нысандары мен тактикалық тәсілдері сынақтан өткізілді. Бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: