Сенбі, 04 қазан, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа лагерь салынуда

03.10.2025

41 0

«Қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағында 10 млрд. теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде. Бұл жерде балаларымыз дария жағалауында серуендеп, таза ауамен тыныстап демалады. Бойына күш-қуат жинап, көңіл сергітіп, білімін шыңдайтын ерекше орын болмақ». Бұл туралы Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа лагерь салынуда

«Президент саябағында 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының (қысқы бақ) ғимараты салынуда. Ғимараттың ауданы 3 420 шаршы метр, онда жас жеткіншектердің ой-өрісін кеңейтуге, өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсіндіруге мүмкіндік жасалады. Жасыл екпелерді өсірудің ерекшеліктерін тәжірибе түрінде үйретіп, табиғатты аялауға баулиды», – деді аймақ басшысы.

Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа лагерь салынуда
Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа лагерь салынуда

Еске салайық, жас ұрпаққа қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында 11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынып, зияткер жас ұрпақты қалыптастыруға қызмет етуде.Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы ашылды.

Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін жаңа лагерь салынуда

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: