Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірде жылыту маусымының өту барысы талқыланды.Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, қала әкімі мен жауапты сала басшылары қатысты.Облыс әкімі жауапты маусымды талапқа сай, үздіксіз өткізу үшін тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардағы жылу режимін тұрақты бақылауда ұстау, тұрғын үйлер мен жеке сектордағы шағымдарға жедел әрекет ету мақсатында кезекші топтардың жұмысын күшейту керек. Сонымен қатар, жылу желілерінде туындаған ақауларды дер кезінде жою және тұрғындарға қолайсыздық туғызбау міндеттелді.
Өңірде жылыту маусымына тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, жоспарланған жұмыс толық орындалды. Қазіргі таңда кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасауда.
Қызылорда облысында жылыту маусымы 8 қазанда басталды.
Бүгінде 1 079 әлеуметтік нысан мен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй толықтай жылумен қамтамасыз етілген.Жылыту маусымының өту барысы облыстық штабтың тұрақты бақылауында.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!