Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

158 млн теңге тұратын екі көлікті иемденіп алған экс-полицей сотталды

14.03.2021

1528 0

Жалпы құны 158 млн теңге болатын екі көлікті алаяқтық жолмен иемденген Түркістан облыстың Полиция департаментінің бұрынғы бөлім бастығы 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бүгін өткен онлайн-брифингі барысында мәлім етілгендей, Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бұрынғы бастығы Р.Дүйсембиевке жалпы сомасы 158 млн теңге болатын «Toyota Camry» және «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөліктерді алаяқтық жолмен иемденіп, сенімге қиянат жасады деген айып тағылған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының биылғы 10 наурыздағы үкімімен Р.Дүйсембиев кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ оның қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, осы іс бойынша жекенотариус Ж.Абдурахман ҚР ҚК 251-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: