Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Арал ауданында пробация қызметі сотталғандарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды

04.12.2024

84 0

Арал аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара Аудандық мансап орталығы, жұмыспен қамту орталығы және Арал аудандық көпсалалы колледждің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел форматындағы жиналыста сотталған азаматтармен олардың қоғамға қайта бейімделуі, әлеуметтік қолдау мәселелері және жұмыспен қамту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қатысушыларға өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сай жұмыс орындарын табуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара нәтижесінде төрт адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жеті азамат дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алу үшін арнайы оқу курстарына тіркелді. Бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жағдай жасайды.

  • Мен бүгінгі шараға қатысып екі қолға бір күрек , яғни жұмыс таптым. Тұрақты жұмыс тауып қуанып отырмын. Отбасымды адал еңбекпен асырап, балаларыма үлгілі әке болғым келеді. Осы шараны ұйымдастырып, бізге әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек беріп, толғандырып жүрген сұрақтарымызға заң аясында түсіндіретін пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,-деді есептегі азамат.
    Қазіргі таңда Арал аудандық пробация есебінде 70-ке жуық азамат есепте тұрады. Жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отқандар да бар. Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік мәртебесін жақсартуға және олардың өмірін оң арнаға бағыттауға үлкен септігін тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: