Сенбі, 07 желтоқсан, 21:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Аусыл – аша тұяқтылар жұқпалы ауруы

03.05.2022

1676 0

Аусыл (лат.Aphtae tpizooticae) – аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік, тілде, қызыл иекте, таңдайда, кейде мұрынның шырышты қабықтарында, қынапта афталар пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.

Аусылға бейім жануарлар: МІҚ, шошқа, уақ мал, түйе және көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде аусылмен адам да ауырады. Аусыл қоздырушысының негізгі бастауы ол – ауырған вирус тасымалдаушы жануар. Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдары арқылы енеді де, жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Нәтижесінде қора-жай, әртүрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б ластанады.

Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы, қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3жылда қайталанады. Бұл аурудың алдын алу үшін уақытылы вакцинациялау қажет. Ірі фермаларда формалин ванналарын жасайды. Мал тұяқтарын тазалап, жараны стрептоцидпен сүртіп алып, орап тастайды. Синтомицин жақпамайы да жақсы көмектеседі. Бұл ретте, ең бастысы, мал дәрігері аусылдың малға қаншалықты әсер еткенін анықтауы тиіс.

Аурудан сақтандыру шаралары:

1. Жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринария мамандарына, мемлекеттік Бас ветеринариялық инспекторына жедел хабарлайды.

2. Аусыл ауруына күдікті жануарларды оқшаулап, басқа жануарлармен араластырмайды.

3. Ауруға күдікті жануарларды ауру анықталған орында қалдырып, басқа қораларға немесе басқа жайылымға шығуына жол бермеу.

4. Аусылдың эпизоотиялық қатерлі ошағы аумағынан жануарлардың және кез келген заттар мен жануарлардан алынатын шикізат өнімдері мен жем-шөптерді, жем-шөп қоспаларын ауданның бас ветинспекторының рұқсатынсыз шығаруға (алып шығуға) жол бермеу. Аусыл сыртқы ортада тез тарайтын, ауырған малдың шығыны мен оған қарсы шараларды қосқанда зор экономикалық зиян келтіретін қауіпті кесел.

Сондықтан бұл аурудан сақтанудың шараларын орындау жануар егелеріне ортақ міндет және ҚР Ветеринария туралы Заң тілімен айтқанда міндетті шара.

А.Сахит,

 ҚРАШМ ВБжҚК-нін  Қызылорда қалалық аумактык инспекция бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: