Жексенбі, 24 қараша, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бақыт деген балаңның саулығы

31.12.2020

1060 0

Бала – болашағымыз. Мына дүбірге толы дүние дүрмекте олардың  шат-шадыман күлкісіне ештеңе жетпейді. Біз «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма қадалсын» деген халықпыз. Базарлы өмірде бақытты әркім әрнәрседен іздейді. Анығында бақыт деген балаңның саулығы.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа жыл мерекесі қарсаңында  Даун синдромы бар балаларды қабылдап, жаңа жылдық ізгі лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.

– Мемлекетіміздің қолдауының арқасында елімізде ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға жағдай жасалып келеді. Қаламызда инклюзивті білім беретін мектептер саны жыл сайын артуда. Атап  айтар болсақ, 2018 жылы қала бойынша жалпы білім беретін 54 мектептің 14-де инклюзивті білім беруге жағдай жасалса, бүгінде қалада 32 мектепте арнайы мамандар осы бағытта жұмыс жасауда. Кішкентай бүлдіршіндерімізге қашанда зор қолдау көрсетіле бермек. Денсаулық сақтау басқармасы, білім бөлімі бұл тұрғыда жүйелі жұмыстар жүргізе беретін болады, – деді қала әкімі.

Шара қорытындысында балғындарға жаңа жылдық сый-сияпат табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: