Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Біреуді қорқытып…

23.11.2021

840 0

Жуырда қалалық Полиция басқарма­сының «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, Қызыл­орда қаласының тұрғыны қорқы­тып, ұялы телефонын және ақшасын тартып алып кеткенін айтқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тар­мағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

– Қылмыстық іс бойынша Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция бас­қармасы және Қалалық полиция бас­қармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру-шаралараның нәтижесінде бұл қылмысқа қатысты күдікті қатарында Қызылорда қаласының екі тұрғыны  құрықталып, олардан ай­ғақ­ты заттар алынып, аталған күдіктілер өз кінә­ларын толықтай мойындады. Олар қамауға алынды. Қазіргі таңда бұл қыл­мысқа қатысы бар басқа да азаматтар іздестірілуде, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: