Синоптиктер 25 ақпанда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Елдің оңтүстік-шығысында жел екпіні 30 м/с жетеді және одан асады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел жылдамдығы – 30 м/с және одан асады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің күші – 25 м/с.
Павлодар облысы, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!