Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде ақбөкенді атуға тыйым салынды

12.02.2024

407 0

Фото: Stan.kz 

12 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс алаңында министр мұндай шешімнің отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын түсіндірді. 

«Қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық”, – деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанда реликттік бөкен популяциясы жаңадан көбеюі болжанғанын түсіндірді.

«Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40% өсті деп айта аламын. Жалпы төлдеу кезінде есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30% болса, тағы да плюс шамамен 700–750 мың бас болады деп күтеміз”, – деді министр.  

Министр 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз екенін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: