Көптің көкейінде жүрген сауалдарға толыққанды жауап беріп, көңілдің кілтін тауып жүрген Нұрлан имам тыңдармандарына тағы бір ізгі өсиет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Адамды ренжіту мәселесі… бірінші біліңіз: біреуді біреу ренжіту – ең үлкен күнә. Ренжіткен адамыңның тікелей өзінен кешірім сұрауға тырысыңыз. Кешірім үшін барлық амалын салыңыз. Тіпті болмаса Алладан үміт етесіз, – дейді имам.
Сонымен қатар Рамазан айында кешірімді болу керек дейді.
Құлшылықтың дәрежесі мінезбен көтеріледі. Мінез дұрыс болмаса құлшылық пайда бермейді, ал енді ғибадатсыз мінезі жақсы болса ол құтқара алмайды, – деп, адам мен адамның араласуының түп негізі – жақсы мінез – жарасымды құлшылық дейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!