Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сақшылары қызыл жалын шарпыған үйдің терезесін сындырып, темір есікті ашып, үйдің ішіне кіріп, адам жоқтығын тексеріп, үйдің ішінен газ балонын өз қолымен қорықпастан сыртқа алып шықты. Полиция қызметкерінің бұл қызметіне риза болған Бәйтерек мөлтек ауданының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы алғыс айтып, оның қызметіне табыс тіледі.
Қараша айының соңғы аптасында Бәйтерек м/а орналасқан тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметімен бірге оқиға орнына дереу жеткен Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Тулебаева Нұрлан Асылбекович өрттің алдын-алу үшін шұғыл әрекетке кіріседі.
Қою түтін арасынан жол тапқан сақшы басын қатерге тігіп үй ішінен үй иелеріне тиесілі құжаттармен, газ балонды сыртқа алып шықты. Полиция қызметкеріне риза болған көршілер мен үй тұрғындары алғыс айту хаты мен суретін қалдырған.
Тұрғын Байдраманова Жұлдыз:
«Көзбен көргенді, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол өрт болған күні күн қатты суық болатын. Сол күннің суығына қарамастан, өзінің үсті малмандай су, батпақ болып тұрса да үй иелерінен «Құжаттарыңыз қай жерде тұр?» деп үйдің ішіне қайта кіріп, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, халыққа көмек беру менім азаматтық борышым деген сөзіне риза болдым. Үй иесіне жылы сөз айтып сабырға шақырды. Көзбен көргенді, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ертесіне сол полиция қызметкерінің кім екенін іздеп, халықтан сұрастырдым. Кейіннен бірер күн өткен соң, «Бәйтерек» дүкенінің есігінде осы кісінің суретін көріп, алғыс білдіріп, рахмет айтуды жөн көрдім. Осындай өз міндетін адал атқаратын полиция қызметкері көбейе берсін дегім келеді. Полицейлерге, олардың қызметіне осы хатым арқылы алғыс айтқым келеді. Өртеніп жатқан үйден өтіп кетпей, адам өміріне бей-жай қарамады. Олардың қызметіне тек қана сәттілік тілеймін. Полицейлердің осындай ержүректі батырлықтарына дән ризамын» – дейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!