Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер экстремалды тренингке белсенді қатысты

05.12.2020

901 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасында жеке құрам қызметкерлеріне инспектор-психологтар Сапарова Ақнұр, Ахбенбетова Гүлвираның  ұйымдастыруымен экстремалды тренинг өткізілді.

     Экстремалды тренинг – тренингтерге деген  жаңа және түбегейлі көзқарас қалыптастырады.  Бұл тренингтердің тиімділігі полиция қызметкерлерінің  жұмыс барысында жеке тұлға ретінде  өсуіне өз септігін тигізуде.  

     Тренинг шеңберінде қатысушыларға: кәсіби дамуы, бейімделуі, психологиялық қолдау арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, қиын және экстремалды жағдайларда оқыту мақсатында кеңес берді.

Ерекше атмосферада «Танысу», «Пирамида», «Кеме» тақырыптарында қызметкерлердің командалық жұмыс істеу дағдыларын белсенді дамытатын интерактивтік ойындар өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өткізілген экстремалды тренингтің тиімділігін туралы айтып өтті. Қызметкерлер оның жоғары өнімділігін, оң әсерін атап өтіп, әдістемелік деңгейде өткізілгені үшін алғыстарын білдірді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: