Бейсенбі, 30 қаңтар, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Қапыда ерте кеттіңіз-ау: Ернар Айдар әкесіне жантебірентерлік жазба арнады

30.01.2025

152 0

Alash.kz

Танымал әнші Ернар Айдар жақында қайтыс болған әкесіне арнап жазба қалдырды, – деп хабарлайды Alash.kz .

Әнші Ернар Айдар әлеуметтік желідегі парақшасында әкесін еске алды.

«Барлық жұмыстарымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты және турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді. Қапыда ерте кеттіңіз-ау, әкешім, сізді сағындым. Алланың бұйрығын қабылдайды екенсің, көнеді екенсің, бірақ өте қиын екен», – деп еске алды әнші.

Әнші марқұм әкесіне өлең жолдарын арнады.

«Сонымен құладың ба, тас қамалым?
Қалмады күйініштен басқа амалым.
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым?
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!», – жазды өнер иесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: