Сенбі, 15 қараша, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Қазанама

15.11.2025

28 0

Қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат»  ордендерінің иегері Әбдіғаппар Әмірғалиұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Әбдіғаппар Әмірғалиұлы 1948 жылы 20 жел­­тоқсанда Сырдария ауданы, Амангелді сов­хозында дүниеге келген. Орта мектепті 1964 жылы бітіріп, 1969 жылы зооветеринарлық инс­титутын тәмамдап, ғалым-зооветеринар ма­мандығын алған. Әскери борышын 1969-1971 жылдары өтеп, офицерлік шенді  ие­­ленген. Мұнан соң Сырдария ауданындағы ауылшаруашылық басқармасына зоотехник болып жұмысқа орналасқан. 1972-1973 жыл­­дары облыстық комсомол комитетінің нұс­қаушысы, 1973-1978 жылдары Сырдария ау­дан­дық комсомол комитетінің I хатшысы, 1978-1982 жылдары аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1981-1985 жылдары облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, I хат­шының көмекшісі, 1985-1989 жылдары Қазалы аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1989-1991 жылдары облыстық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі болды. 1991-1996 жылдары облыс әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметін атқарған.  Стандартизация-метерология мекемесінің басшысы лауазымында болған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, бірнеше медальмен марапатталған. Сырдария ауданының Құрметті азаматы. Қоғам қайраткері, асыл азамат Әбдіғаппар Әмірғалиұлының жарқын бейнесі, еліне жасаған елеулі қызметі көпшіліктің есінде мәңгілік сақталады.

Қызылорда қаласының әкімдігі,

қалалық мәслихат, «AMANAT» партиясының қалалық филиалы, қалалық ардагерлер және қалалық қоғамдық кеңес

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: