Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақ отбасында он төртінші бала өмірге келді

07.04.2021

3296 0

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында тұратын Сәдуақасовтар шаңырағында он төртінші бала өмірге келіп, көпбалалы отбасын кезекті қуанышқа бөледі. Алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы мен отағасы Сәрсенбай Сәдуақасовты және оның балаларын бөпемен құттықтауға аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев арнайы барып, сый-сияпатын тапсырды. 2019 жылы көпбалалы жанұяға Сарыөзек ауылынан тұрғын үй берілген болатын.

Отау құрғандарына 27 жыл болған Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы қазіргі кезде 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отыр.
Кербұлақ аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, берекесі ұйыған отбасындағы мектепте оқитын балалар оқу құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген, үшеуі балабақша жасында. Онлайн оқуларына қажетті ноутбук те мектептен берілген. Қызы Айжан спорттың ережесіз жекпе-жек түріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Отағасы машинист, механик, дәнекерлеуші сияқты кәсіптерді еркін меңгерген.

«Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ «баланы жастан» дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді» дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі екен», – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы.

Алматы облысында көпбалалы отбасыларына қажетті көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Өткен жылы 2 395 жанұяға тұрғын үй берілсе, соның 1 258-і әлеуметтік әлжуаз және көпбалалы отбасы. Үйлі болғандардың қатарындағы 180 отбасы меценаттардың қолдауымен баспана алғанын да атап өту керек. Сол сияқты облыс орталығы Талдықорғанда көпбалалы аналар жұмыс істейтін тігін цехы ашылмақ. Қазіргі кезде цех орналасатын орын жөндеуден өткізіліп, дайындалу үстінде. Жалпы биылғы жылдың 1 сәуіріне 14761 отбасына 2 млрд. 103,9 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, оның ішінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар да бар.

Aikyn.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: