Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызға үлкен құрметпен қараймын – Тоқаев

29.04.2022

1361 0

Президент Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істегенін еске алып, көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтау және қолдау қаншалықты маңызды екенін білетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басқа тілде сөйлейтін азаматтарды кемсітуге болмайтынын айтты.

«Тілдер жайлы сөз қозғағанда, Қазақстан тарихы мен этникалық ерекшелігіне байланысты көптілді мемлекет екенін түсінуіміз керек. Бұл біздің артықшылығымыз, активіміз. Десе де мемлекеттік тіл – қазақ тілі, біз мұны ұғынып, қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін шаралар қабылдауымыз керек. Бірақ басқаларға зиян тигізуге, әсіресе, қандай да бір тілдер мен сол тілде сөйлейтін азаматтарды кемсітуге болмайды», деді Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Президент Біріккен ұлттар ұйымында жұмыс істегенін еске алып, көпұлтты мемлекеттерде ұлттық бірлікті сақтау және қолдау қаншалықты маңызды екенін білетінін атап өтті.

«Мен қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызға үлкен құрметпен қараймын. Бұл азаматтарды бүгін Алексей Лодочников (қазақ тілінде сөйлейтін блогер) айтқандай, әртүрлі әдіспен жан-жақты қолдау қажет. Тілдерге қатысты ешқандай кемсітуге, қорлауға жол жоқ. Конституцияда бұл сұраққа нақты жауап бар: біздің еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ Ата заңымызда орыс тілі де тиісті орнын алған. Сол себепті осыны да ескеріңіздер», деді президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: