Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов қайтыс болды

12.07.2023

622 0

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады. 

Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Әр жылдары «Қайрат» футбол клубы» АҚ бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы мини-футбол қауымдастығының президенті, Қазақстан футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы, Қазақстан футбол одағының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы бойынша жетекші маман қызметтерін атқарды.

2007 жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, 2013 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы Техникалық комитетінің төрағасы болды. 2016 жылы Қазақстан футбол федерациясы президенті болды, кейіннен Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. 

Massaget.kz сайты Сейілда Икрамұлының ағайын-туысы мен дос-жарандарына, қазақ футболының жанашырларына қайғыра көңіл айтады. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/86984/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: