Теңгеге қатысты доллар бағамы құлдырап жатыр. KASE деректеріне сәйкес, доллар 0,10 теңгеге арзандады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биржадағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 418,83 теңге.
Айта кетейік, Америка валютасының ресми бағамы 7-8 қаңтарда 418,94 теңге болған.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде доллар орташа есеппен 420,65 теңгеге сатылса, сатып алу бағасы – 419,11 теңге.
Ал Нұр-Сұлтанда сәйкесінше 420,49 және 419,32 теңге.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!