Сейсенбі, 10 ақпан, 13:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді — Президент

10.02.2026

40 0

Фото: Ақорда

Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Осыған дейін Конституциялық комиссияның он отырысы өтті. Комиссия мүшелері түзетулердің аса көптігін ескере отырып, ортақ пайымға келді. «Ата Заңға жекелеген өзгеріс енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн» деген байлам жасады. Соған сәйкес қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланды. Бұл бастама қоғамның айрықша назарын аударды. Мен мұны өте жақсы үрдіс деп санаймын, — деді Президент.

Мемлекет басшысы азаматтарымыз Конституция жобасының түрлі баптарын қызу талқылап жатқанын атап өтті.

— Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді. Бұл — менің саяси бағдарымда көрсетілген негізгі міндеттердің бірі. Еліміз үшін «Әртүрлі көзқарас — біртұтас ұлт» және «плюрализмге — ашықпыз, экстремизмнен — қашықпыз» қағидаттары өте маңызды. Сол арқылы қоғамдық диалогтің дамуына, еліміздің үздіксіз алға басуына жол ашылады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: