Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Бөгенбайұлы Шаңқұловтың төрағалығымен 2025 жылдың қорытынды жиыны өтті. Жиын қорытындысы бойынша:
1-орын – Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы;
2-орын – Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі;
3-орын – Қармақшы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі иеленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Шын мәнінде, жеке мүддесін емес, ел мүддесін бәрінен биік қоятын азаматтар ұрпаққа үлгі болуы қажет», – деп айтқан болатын.
Осы орайда, жыл бойы жоғары кәсіби көрсеткіш танытқан қорғаныс саласының жұмысшылары марапатталып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара естелік суретке түсумен аяқталды.
Біздің күшіміз – бірлікте!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!