Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласы тұрғындарының назарына!

07.12.2021

962 0

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 16 ақпан 2012 жылғы №561-ІV Заңына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидалары» ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 мамырындағы №226 бұйрығының 3-ші тарауына сәйкес, 2022 жылы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне 2005 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын және белгіленген мерзімде тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жүргізіледі.

2005 жылғы азаматтар жұмыс жасайтын немесе білім алатын мекемелер мен оқу орындары басшыларының назарына:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 642-бабы Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жаттатын азаматтардың тізімдерін жергілікті әскери басқару органдарына ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбау.

Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтардың тізімдерін белгіленген мерзімде жергілікті әскери басқару органына уақытылы ұсынбау – ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелеріне – он, ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеміз.

2022 жылғы 1 сәуірге дейін себепсізден әскери есепке тұрмаған жастар әскери есептен жалтарып жүрген деп саналады және «Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647, 648-ші баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2005 жылы туылған азаматтарды Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі  19 үй мекен-жайы бойынша №107 кабинет, 26-42-50 телефоны арқылы хабарласуларына болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: