Сейсенбі, 21 қаңтар, 18:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада мектептің бас есепшісі 7 жылға сотталды

21.01.2025

57 0

Қызылордадағы мектептердің бірінде жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударған бас есепші 7 жыл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Арал ауданындағы №260 мектептің бас есепшісі Д.Жаналиев өзінің қызметін пайдаланып, 2023 жылдың қаңтар айы мен 2024 жылдың тамыз айы аралығында штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, бас пайдасына жаратып келіпті.  

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандары сотталушының бұл әрекеті әр ай сайын қайталанып отырғанын анықтаған. Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударып отырған есепшіні тергеп-тексеру барысында оның қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 417 530 теңге шығын келгені белгілі болды.

Сот шешімімен бас есепші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген 20 417 530 теңге қаражатты үкім заңды күшіне енген соң 2 ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: