Сенбі, 18 қазан, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Саябақ жаңа кейіпке енбек

18.10.2025

39 0

Президент саябағы  қаланың ең көрікті орын­дарының біріне айналмақ.  Бұл жердегі айшықты ғимарат – бесжұлдызды «Rixos» қонақ үйі. Инвестор қаражатына бой көтерген «Rixos» қонақ үйінің құрылысын «Altyn Gimarat» ЖШС жүргізуде. Қонақ үйде 150 нөмір, мейрамхана, саябақ аймағы, автотұрақ болады. Жанынан тоғыз қабатты 945 пәтерлік 15 тұрғын үй салынуда.

Бас мердігер «Bi Global» ЖШС жобасы бойынша 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 7 демалыс аймағы, 4 фудкорт, теннис үстелдері, айналмалы дөңгелек аттракцион, асхана, би алаңы, стритбол, вело, жүгіру жолағы, сахна, саябақ ішінде сарқырама, үстінен көпір орнатылмақ. Мұнан бөлек шахмат, баскетбол, футбол алаңы, арқан саябағы, модульдік- санитарлық ғимарат салынбақ.

Жасыл желегімен көрікті  саябақта жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы, яғни қысқы бақ  егіліп, келушілерге ерекше көңіл-күй сыйламақ .

«Alem Qurylys AQ» ЖШС-ның жоспарында лагерьде спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, 4 тұрғын аумақ, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі үлгідегі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңын, сахна және басқа да демалыс орнын салу  қарасытырлған.

Ең ғажабы, Президент саябағы мен «Астана» шағын ауданын байланыстыру үшін Сырдария өзені үстінен жаяу жүргіншілер көпірі түспек. Осылайша Президент саябағы жаңа сәулеттік бейнесімен, қысқы суықта да мәңгі жасыл  желегімен, ондағы ғажап  тропикалық ағашымен  келушілерді құшақ жая қарсы алмақ.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: