Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сайлау учаскесіне кіру үшін вакцина паспорты болуы керек

25.07.2021

949 0

Санитарлық-эпидемиологиялық талап бойынша, сайлау комиссияларының мүшелері, сенімді өкілдер, байқаушылар мен БАҚ өкілдері сайлау учаскелеріне кіруі үшін өзімен бірге вакцина паспортын алып жүруі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл талап тек екпеге қарсы медициналық көрсетілімі бар адамдарға ғана жүрмейді. Дегенмен, ондай адамдар сайлау учаскесіне кіргісі келсе, ПТР-тестің мерзімі 3 күннен аспаған қорытындысы болуы керек.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, дауыс беруге процесіне қатысатын адамдардың бәрі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген болуы керек және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға міндетті.

Сондай-ақ, сайлау өтетін ғимараттың ішінде келушінің жанасуынсыз іске қосылатын термометр мен санитайзерлер болуы шарт. Келушілердің арасында дене қызуы жоғары адамдар болса және коронавирустың өзге де белгілері байқалған жағдайда бірден оқшаулайтын арнайы оқшау бөлме болуы керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: