Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сержант қыздың жырлары

28.07.2022

723 0

Қалжан Жұлдыз ЗК-169/1 тергеу изоляторында бақылаушы қызметінде. Тал шыбықтай бұралған ару, нәзіктігіне қарамай тегеурінді тергеу изоляторында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Жаны нәзік болғанымен, талабы таудай жас арманшыл ғана емес, қайтсем еліме пайдамды тигізсем деп, ұлтжанды болып өсті. Бүгінде міне ел қауіпсіздігін қорғау жолында, тәуелсіз еліміздегі тыныштықты сақтауға өз үлесін қосып келеді. Антына адал, сертіне берік, жігіттерден қалыспай тергеу мекемесіндегі өз қызметтік міндетін мінсіз атқаруда.

    Ал арманшылдығы мен жүйрік қиялы оны өзгелерден ерекшелендіріп тұрады. Өйткені ол тым сезімтал. Содан болар сержант қыз айналасындағыларға қамқорлықпен, мейіріммен қарайды.  Айына бір рет қаламыздағы қарттар үйіне барып, ондағы қариялармен әңгімелесіп, кітап оқып беріп, көңілдерін аулап жүреді.

 Сондай сәттің бірінде өзегін жарып, мына бір өлең шумағы шыққан еді.

Сержант қыздың жырлары

Қарт ана отыр самай шашы ағарған

Үнсіз ғана жетелей ме ақ арман ?!

Мұңды көздер сыр шертеді жай ғана,

Құр кеуде боп, үміт оты жоғалған.

Сұxбаттастым, аруанамен тілдестім,

Келе бермейд(і)мені іздеп күнде ешкім

Е, шырағым, өткен күндер  келмес күн

Деген сөзді  күрсініп айтты қарт ана.

Осылайша бастап кетті әңгімесін,

Түсіндіріп біздерге жан кемесін.

Мынау тұрған қарттардың үйі деді,

Осында өтіп жатыр таңғы елесім.

Мұнда әкеліп  тастады  балаларым,

Мәңгілікке кеткен соң, қара шалым.

Үлкейгенде түсінер жайымызды

 Баптап баққан, ұл-қызым дараларым.

Үнсіз ғана  аруананы ұғындым,

Тұла бойда шырылдады құлын жыр

Қолды жайып, жаратқаннан тіледім,

Ұрпағына анасының қасиетін ұғындыр.

Өлеңге әркімнің де, бар таласы демекші, осылайша, өмірдің өзін өлеңге  айналдырған погондағы арудың бұдан басқа да тақырыптағы туындылары баршылық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: