Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шынайы мүмкіндіктер жолында мақсат айқын

11.10.2021

567 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесі – қазақстандықтар үшін қастерлі құндылық, тарихи сәт. Осы уақыт аралығында мемлекетіміз дамудың жарқын кезеңдерінен өтіп, мерейлі жылға толайым табыспен келіп отыр. Бұл ретте, еліміздегі жетекші партия саналатын «Nur Otan» партиясы елдік мүдде жолында тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды, мемлекетті қарқынды дамытып, өркендетуді мақсат етіп келеді. Ел егемендігінің еңселі кезеңінде саяси жетекші ұйым жаңа белеске қадам басты. Яғни, 2025 жылға дейін Қазақстанды дамытуды көздейтін «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын қабылдап, онда әр жылдары атқарылатын жұмыстар бекітілді. Бүгінде сайлауалды бағдарламадағы жұмыстардың атқарылуы жіті бақылауға алынып, жетекші партия тарапынан тұрақты бақылау жүргізілуде. сол арқылы қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі жақсару үстінде.

Әрине, Қазақстанның өсіп-өркендеуі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының әрбір табысы ең алдымен, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен байланысты. Өйткені, Елбасының білікті басшылығының, кемел саясатының және ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында әрқашанда елмен, халықпен бірге болып, аса жауапты міндеттерді абыроймен атқаруының нәтижесінде байтақ елде бейбіт өсір сүрып, мерейлі белеске жетіп отырмыз. Бұл жолда нұротандықтардың қосқан үлесі зор.

Жалпы, барлық уақытта партия алдына ұзақмерзімді стратегиялық міндеттер қойылып келеді. Тиісінше, олар сәтті жүзеге асырылып, мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуде. Шынайы мүмкіндіктер мен нақты жоспарларды қамтыған әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызды құжат саналатын сайлауалды бағдарламада баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, орнықты экономика, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сияқты уақыт талабынан өткен, кез-келген заманауи қажеттіліктерге жауап бере алатын ауқымды бағыттарды қамтыды. Бүгінгі таңда осы саяси құжатта көрсетілген жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, партияның басты құндылықтарының бір бағыты – отбасы бақуаттылығы. «Отан отбасынан басталады» десек, отбасының қоғамдағы рөлін арттыру, оларға қолдау көрсету маңызды. Сондықтан бағдарламада осыған қатысты отбасы институтын нығайту үшін «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру жалғасын табуда. Сонымен қатар, отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бас міндеттердің қатарында. Бұл ретте, өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны айқын. Биылғы жылдың өзінде Қызылорда қаласының сол жағалауынан тұрғындар қоныс тойын тойлады. Аймақтың аудандарында да Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұрғын үйлер қолданысқа берілді. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы екені анық және жетекші партияның шынайы мүмкіндіктерді іске асыруының нәтижесі.

Сонымен қатар, біз кәсіпкерлікті дамытып жүрген табысты әйелдерді, әр баланың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуді, жақсы тәрбие мен сапалы білім алуын, еліміздің болашағы саналатын жастарды әлеуметтік қолдауды қолдаймыз. Мәселен, қазіргі сұраннысқа ие мамандықтар бойынша биылдың өзінде жастарға мемлекеттік гранттар көптеп бөлінді. Оның ішінде Сыр жастары еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Ал мектепке дейінгі біліммен қамту облыста өз шешімін тапқан.

Негізінен нақты жұмысқа негізделген сайлауалды бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру, жайлы қалалар мен ауқатты ауылдар, кәсіпкерлікті өркендету және басқа да маңызды бағыттар қамтылған. Сондықтан осы жұмыстардың сапалы іске асырылуы жетекші партия тарапынан тұрақты бақыланып, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне мүмкіндіктер жасалмақ. Түптеп келгенде, бұл жұмыстардың барлығы жүзеге асырылып, ел егемендігін мәңгі ету тұрғысында айтулы іс-шаралар атқарыла бермек. Бұл тұрғыда, нұротандықтардың басты мақсаты айқын.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: