Сәрсенбі, 07 қаңтар, 00:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді?

05.01.2026

114 0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен медициналық көмек пакеттері қызметтердің қайталануын болдырмау үшін қайта қаралды.

  2026 жылдан бастап ТМККК пакетіне әлеуметтік мәні бар 11 ауру түрінің профилактикасы мен диагностикасы енеді. Бұған дейін АИТВ мен туберкулезге күдік болған жағдайда ғана қызмет көрсетілген еді.

Енді тізім қатерлі ісіктермен, созылмалы вирустық гепатиттермен және бауыр цирозымен, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен, орфандық аурулармен, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларымен, демиелинизациялайтын аурулармен, эпилепсиямен, жедел миокард инфарктісімен (алғашқы 6 ай), инсульттермен (1 жыл ішінде) толықты.

Сонымен қатар ТМККК-ға артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы, глаукома, қант диабеті, В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған скринингтер енгізілді. 

  Бұл шаралар пациенттерге дер кезінде диагностика жүргізуге мүмкіндік береді, ауруларды ерте анықтау ем нәтижелерінің жақсаруына оң әсер етеді.2026 жылдан бастап бірқатар созылмалы ауруды, оның ішінде артериялық гипертензияны, қант диабетін, церебралды сал аурын, ревматизмді, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануларын, бүйрек ауруларын емдеу және бақылау емхана мен стационарда МӘМС пакетіне ауыстырылды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: