Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс- қимылдың жаңа тетіктері»

25.09.2024

229 0

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде, мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатындағы жұмыстарды мекеменің кадр саясат тобымен    ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Нақтырақ айтсақ, ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Ш. Есенкелдиевтың төрағалық етуімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Первенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы  және осы басқарманың аға офицері Жүсіпалиев Жандос пен ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет подполковнигі С. Жоламанов арнайы шақыртылып, мамандар баяндама оқып, бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар, шараға мекеме басшылары мен ҚАЖ департаментіне қарасты №68, 37, №60 және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

         Алғашқы болып сөз алған бас маман  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс- қимылдың жаңа тетіктері» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамасында  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2022ж 2 ақпанындағы №802 жарлығымен шыққан ҚР-ның 2022 – 2026 жж арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатынының тұжырымдамасында жазылған негізгі мазмұны және мемлекет басшысының тарапынан шыққан  бірқатар бұйрықтар мен заңдары  жөнінде тарқатып, оқып берді. Ал, аға офицер Жүсіпалиев Жандос: 2022 жылдағы Қызылорда облысындағы  сыбайлас жемқорлық бойынша орын алған фактілерге шолу жасады.

  • Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері  арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылыққа бару әрекеттері кездесіп тұрады, мұндай әрекеттің алдын алу және жол бермеу әрбір жеке құрам  қызметкердің міндеті және борышы екенін ұмытпаңыздар. Құқық саласының қызметкерлері  заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол бермеуі керек – деп,  қатысушыларды заң талаптарын орындауға шақырды.

         Шара соңында,  өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі жеке құрам қызметкерлеріне дайындаған бейне сюжеттерді көрсетіп, қызметкерлер арасында туындаған сұрақтарға  жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен ой түйген жеке құрам сыбайлас-жемқорлық заң бұзушылығына барудың салдарының өте ауыр болатынын, қылмыстық  жауакершілікке, жұмыстан қуылу, отбасылық қиыншылықтарға, бір сөзбен айтқанда  жемқорлық әрекеттер әрбір қызметкердің болашағына балта шапқанымен бір деген қорытындыға келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: