Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тасбөгет кентінде бірқатар жобалар жүзеге асуда

16.04.2024

279 0

Сурет: Қызылорда қаласының әкімдігі

Биыл Тасбөгет кентінде атқарылып жатқан негізгі жобалардың бірі – жаяу жүргіншілер жолының құрылысы. Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге (Ш. Есенов, Ғ. Мұратбаев, З. Шүкіров, Ә. Сапарбаев, О. Сейтпенбетов, Ә. Оразбаев) жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі келесі жобалардың бірі – кенттегі Ғ. Мұратбаев, Қ. Исмайлов-1 және Қ. Исмайлов-2 көшелерінде түнгі жарық бағаналары іске қосылды. Жарықтандыру жұмыстары Н. Өткелбаев, Ә. Жангелдин, А. Жанкин, Ж. Әбілқасымов, С. Сейфуллин көшесінің бас жақ бөлігі және З. Мәмбетов көшелерінде жалғасатын болады.

Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысы негізінде Тасбөгет кентіндегі Ғ. Мұратбаев, Қ. Баймағанбетов және Ә. Молдағұлова көшелеріне жаңадан 6 дана аялдама орнатылуда. Мұнан бөлек, алдағы уақытта кент көшелеріне тағы 3 дана аялдама орнату жоспарланған.

Кент аумағын көркейту және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар да жоспарлы түрде жүзеге асуда. Сәуір айының басында кенттің кіреберісі саналатын Амангелді көшесі бойынан арық қазылып, ағаштар отырғызылған. Аталған аумаққа 2 дана аяқсу насосы орнатылып, ағаштарды күтіп, баптау жұмыстарына жерасты суы пайдаланылуда.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта тиісті мердігер мекемемен Тасбөгет кенті бойынша ауыз су құдықтарының фасонды бөлшектері мен ысырмаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: