Қызылорда қаласының тазалығы үшін жауапты жандар қандай құрметке де лайық. Себебі олар таңнан қара кешке дейін аяқтан тік жүріп, көше кезіп, қоқыс жинайды. «Еңбектің наны да тәтті» деген тәмсіл дәл осы жандарға арналғандай.
«Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің ұйымдастыруымен қала тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге арналған мерекелік шара өтті.
Салтанатты кешке қала әкімінің орынбасары Б.Нұридинов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің проректоры Ж.Базартай, тазалық жанашырлары мен жастар қатысты.
Меркелік шара барысында «Қызылорда тазалығы» ЖШС мекемесінің тазалықшыларына қала әкімінің алғысы мен естелік сыйлығы табысталды.
– Қызылорда қаласы да өзінің әлеуметтік-экономикалық өсуімен қатар, сәулеттік келбетімен, зәулім ғимараттарымен дараланады. Ал сол көркеюі мен таза болуы сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасы. Біз әрбіріміз өздеріңіздің күннің ыстығы мен қыстың суығындағы тындырымды істеріңізге басымызды иеміз, – деді қала әкімінің орынбасары.
Кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
А.МЫРЗАҒАЛИ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!