Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторының қызметіндегі көмекшілер

18.11.2021

729 0

Еліміздегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде, қылмыспен күресуде кинологтар мен иісшіл иттердің қылмыс ашудағы үлес салмағы зор. ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда үш ит ұсталынуда.

     Бұлшықеттері тартылған, алғыр, жанып тұрған көздерінде батылдық пен ақыл тұнып тұрған бұл иттер тергеу изоляторының  қызметіндегі көмекшілер. РжКБ-нің кинолог маманы, әділет  аға сержанты  Ғ.Томаевтың айтуы бойынша, Оскар, Оска, Лютый атты иттердің жасы алтыда.   Бұл қарауылдық иттерді, периметр аумағын күзетуге, жазасын өтеушілердің серуендеу кезіндегі қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мақсатында, және қажеттілігіне қарай  тінту шараларын жүргізгенде  пайдаланады.

– Менің қызметтік міндетіме иттерді қарау, уақтылы тамақтандыру, үйшіктерінің ішін, айналасын тазарту,жуындырып шомылдыру яғни денесіне дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуді қадағалау жатады. Сонымен қатар ең бастысы қызметтік талаптарға сәйкес, іздеу, тінту жұмыстарына  үйрету жаттығуларын дамытып отырамын. Өйткені, иттер ұзақ уақыт  бойы қызметке қолданылмаса, қызмет барысында қателесуі мүмкін. Сондықтан біз оларды күнделікті арнайы контингентпен өтілетін тінту,тексеру жұмыстарына қатыстырып, қызметтік қабілетін арттырып отырамыз, – дейді кинолог маман.

– Жалпы біздің мекемеде 2 кинолг маман жұмыс жасауда. Олар өз міндеттерін, ҚР ІІМ- нің 2013 жылғы 19 қазандағы  бұйрығымен бекітілген ҚР ІІО – ның  кинологиялық ұымдастыру талаптарына және қызметтік құжаттама Қағидаларының 87 және 102-  тармақтарының  талаптарына  сай орындап келеді.  Қызметтік иттерді жаттығу жұмыстары  жоспарға сай атқарылуы, иттің дайындық  дәрежесін  және тағайындалуын ескере отырып, ( есірткі, жарылғыш заттарды анықтау және иіспен жұмыс жасау) командаларды орындау, сотталғандарды айдауыл кезінде бейімдеу, негізгі қоршаудың ішіндегі  тыйым салынған заттарды анықтау және ізге салу бойынша  мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстар атқарылады. Мекеме теңгеріміндегі  Бельгиялық овчаркалардың әрқайсысының жеке құжаттары бар.  Онда иттің жасы, аты және ең бастысы екпе қабылданғандығы жөніндегі мәліметтері жазылған, – деп мәлімдеді РжкБ-нің бастығы, әділет майоры Жаңаберген Мамай.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: