Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай арыламыз?

01.01.2023

658 0

Тоңазытқышта жағымсыз иістің пайда болуы — әсіресе, жазда жиі пайда болатын проблема. Себебі бұл мерзімде бактериялар жылдам көбейеді. Иістен қалай арыламыз және қалай оның алдын аламыз?

Жағымсыз иістердің пайда болуының негізгі себептеріне өнімдердің дұрыс емес көршілестігі, температуралық режимнің сақталмауы, тоңазытқыш жұмысындағы техникалық кемшіліктер жатады.

Тоңазытқышта жағымсыз иіс пайда болмас үшін өнімдерді дұрыс сақтау маңызды. Заманауи тоңазытқыштарда жемістер мен көкөністерді ұзағырақ сақтау үшін ылғалдылықты реттейтін жәшіктер бар. Сондай-ақ тоңазытқыштарда балық, ет немесе сүт өнімдері секілді  аса күтімді қажет ететін өнімдерді сақтауға арналған арнайы жерлер де бар.

Тоңазытқыш есіктерінде арнайы бөлгіштері бар жәшіктер орналасқан: ол жақты хош иісті өнімдерді бір-бірінен бөлек сақтауға қолдану керек.

Заманауи тоңазытқыштарда ондағы ауаны озонмен жаңартатын функциялар бар. Олар қолайлы микроклимат жасап, бактериялар мен вирустардың көбеюінің алдын алады.

Бірақ жағымсыз иіс пайда болған болса, одан арылу қиын емес.

Тоңазытқышты толықтай тазартудан бастаңыз.Иіс бұзылып кеткен қандай да бір өнімнен пайда болды деп ойласаңыз да, оны лақтырумен шектелмеңіз. Тоңазытқышты тоқтан суырып, оның ішін толықтай босатып, ішінің бәрін тазартушы құралмен жуып шығуға ерінбеңіз. Дүкенде сатылатын құралмен немесе қол астындағы заттармен (сабын ерітіндісі немесе ыдыс жууға арналған құрал) жуыңыз. Қиын қолжетімді жерлерге мән беру маңызды: мысалы, тоңазытқыш камерасының артқы жағындағы су ағызатын тесік немесе есіктің резеңкелері.

Иісті кетіріңіз. Тоңазытқыш тап-таза болып тұрса да, иіс шығып тұрса, ас содасы, лимон немесе 9%-дық сірке суы ерітіндісін пайдаланыңыз. Бұл ингредиенттердің бірін сумен араластырып, оған дәкені сулап, тоңазытқыштың ішін бір сүртіп шығыңыз.

Табиғи сіңіргіштерді қолданыңыз. Тоңазытқыштағы иістен арылу үшін жағымсыз иістерді соратын өнімдердің көмегіне жүгінуге болады. Оларға белсендірілген көмір, шикі күріш, ас содасы, сұлы жармасы, ұнтақталған кофе және шикі картоп жатады. Оларды тоңазытқыштың ішіне қойыңыз.

Арнайы тазартқыштар сатып алыңыз. Кез келген шаруашылық дүкенінде жағымсыз иістен арылуға көмектесетін құралдарың түр-түрі сатылады. Ол гель түріндегі құралдар, шариктер, ионизаторлар болуы мүмкін. Алайда олардың көпішілігінің құрамында түрлі химиялық қосымшалар болатынын ұмытпаңыз. Сондықтан оларды аларда құрамын жақсылап зерттеп, тек нұсқама бойынша қолданыңыз. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: