Сейсенбі, 11 қараша, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Трамп: АҚШ кейбір елдер үшін импорттық баж мөлшерлемелерін арттырады

11.11.2025

45 0

Фото: AP Photo/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп кейбір мемлекеттерге қатысты импорттық баж салығын көтеру жоспары бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Трамптың айтуынша, Вашингтон қазіргі уақытта Швейцариямен кедендік баждарды 39%-дан төмендету жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда ол Bloomberg агенттігінің АҚШ-тың Швейцарияға қатысты тарифтерді 15% деңгейінде белгіледі деген ақпаратын жоққа шығарды.

Жоқ, мен ешқандай нақты сан орнатқан жоқпын. Бірақ біз Швейцарияға көмектескіміз келеді. Біз оларды біраз қыспаққа алған едік, енді тарифтерді реттеу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ал кейбір елдермен керісінше, мөлшерлемелерді аздап көтеруіміз мүмкін, – деді Трамп.

АҚШ президенті қай мемлекеттерге жаңа тарифтер қолданылатынын нақтыламады.

Сонымен қатар, Трамп кедендік баждардан түсетін табыстың бір бөлігін ұлттық қарызды азайтуға жұмсау жоспарын тағы да атап өтті:

Біз мемлекеттік қарызды қысқартамыз. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, – деді ол.

Президенттің айтуынша, егер АҚШ Жоғарғы Соты әкімшіліктің импорттық баждарды енгізу өкілеттігін шектейтін шешім қабылдаса, бұл “экономикалық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы апатқа” әкелуі мүмкін.

Бұған дейін Трамп өзінің Truth Social парақшасында осындай шектеу енгізілген жағдайда АҚШ басқа елдерге 2 триллион доллардан астам қаражат қайтаруға мәжбүр болатынын жазған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: