Сейсенбі, 20 қаңтар, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады

20.01.2026

50 0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жаңадан құрылатын Халық кеңесі институтының заңдық мәртебесі қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Халық Кеңесі өз мәні бойынша басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін сіңірген жаңа мемлекеттік орган болады. Онда барлық этнос, ұлыстар мен аймақтар өкілдік алады. Қазақстанның Халық Кеңесі еліміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кеңес құрамын 126 адамнан асырмауды ұсынды. Этномәдени бірлестіктерден — 42, қоғамдық бірлестіктерден — 42, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден — 42 өкіл болу керектігі де айтылды.

— Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағаны оның мүшелері сайлайды. Халық Кеңесі төрағасының қоғамдық негізде ротациялық негізде тағайындалған екі орынбасары, сондай-ақ хатшылықтың басшысы болады, — деді Президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: