Сингапур билігі электронды темекіге қатысты жазаны күшейтті. Елде құрамында анестетик этомидат бар вейптерді таратуға немесе әкелуге тыйым салынды. Бұл зат ұйқы келтіретіндіктен, билік оны қоғам денсаулығына аса қауіпті деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Жаңа ережеге сәйкес, мұндай вейпті елге жеткізген немесе сатумен айналысқан адамға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек, кінәлілерге таяқпен ұру түріндегі дәстүрлі жаза қолданылады.
Сингапур қатаң құқықтық тәртібімен танымал. Елде есірткі, темекі өнімдері мен басқа да тыйым салынған заттарға қатысты жазалар әлемдегі ең ауырдың бірі саналады. Билік өкілдері мұндай шаралар тұрғындарды заңсыз өнімдерден қорғауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталғанын айтады.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Сингапурдың бұл шешімі электронды темекі нарығына да, жастар арасында олардың таралуына да елеулі әсер етуі мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!