Бейсенбі, 24 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 151 адам зардап шекті

24.04.2025

90 0

Фото: Википедия

Сәрсенбі, 23 сәуірде Ыстамбұлда бірнеше жер сілкінісі болды. Олардың ең күштісі магнитудасы 6,2-ге жетті, деп хабарлады Түркия ішкі істер министрі Али Йерликая. Биліктің мәліметінше, күндізгі жер асты дүмпулері салдарынан 151 адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ, деп жазады DW.

Жер сілкінісінің ошағы Мәрмәр теңізінде, шамамен 7 шақырым тереңдікте, түрік мегаполисінен шамамен 60 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды dpa агенттігі. Бұл соңғы 25 жылдағы аймақтағы ең күшті жер сілкінісі болды.

– Бірнеше сағат ішінде 127 афтершок тіркелген, олардың ең күштісі магнитудасы 5,9 болды, – деді Түркияның ішкі істер министрі.

Әлі алда күшті жер сілкінісі болады деген болжам бар. Елдегі геофизикалық зерттеу орталығы жақын арада аймақта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.

15 миллионнан астам халқы бар түрік мегаполисі жер сілкінісіне дайын емес, өйткені қала тығыз салынған және қала ішінде ашық кеңістіктер қол жетімді емес, деп жазады dpa.

Ыстамбұлдың көптеген тұрғыны жер сілкінісі туралы SMS хабарлама алмаған, дегенмен мұндай жүйе бар, деп жазады dpa.

Айта кетейік, Ыстамбұлда жүрген Абай есімді отандасымыз жер сілкінісі қорқынышты болғанын айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: