Мемлекет Басшысының бастамасымен қолға алынған Конституциялық реформа елдің саяси жаңғыруындағы маңызды әрі стратегиялық кезең болып табылады. Осыған орай, қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен өткен кездесуге Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы қатысып, аталған реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, Конституциялық комиссияның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен басым бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылып, конституциялық реформаның қоғам дамуына ықпалы туралы пікір алмасу жүргізілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
