Сенбі, 28 ақпан, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа жоба – жаңа мүмкіндіктер

28.02.2026

36 0

Жаңа Конституция жобасы ресми түрде жария­ланды. Бұл – ел тарихындағы маңызды консти­туциялық реформа оқиғасы. Өйткені жаңа Консти­туция мәтіні 1995 жылғы Конституциядан айтар­лық­тай ерекшеленеді және еліміздің мемлекеттік бас­қару, құқықтық жүйе, азаматтық құқықтар мен міндет­тер салаларын қайта қарауды көздейді.

2026 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығарғаны туралы жарлыққа қол қойды. Референдум биылғы 15 наурызда өтеді және оған қазақстандықтар «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сұрақ бойынша «иә» немесе «жоқ» деген нұсқада жауап береді.

Реформа аясында Конституция мәтінінің шама­мен 84 %-ы жаңартылды, қоғам мен мемлекет құрылымына байланысты жаңа тұжырымдар ұсынылды.

Жобада адам құқықтары мен бостандықтары ең негізгі құндылық ретінде көрсетілген, құқықтық тәртіп, әділеттілік, заң үстемдігі сияқты қағидалар Конституцияда айқын жазылған.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында цифр­ландыру дәуірінде жеке деректер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің конституциялық деңгейде бекітілуі, мемлекеттік басқарудың заманауи инсти­туттарын қалыптастыру және құқықтық сана мен қоғамдық қатынастарды жаңғырту сияқты бағыттар да назарға алынды.

Меніңше, жаңа Заң жобасының мәтінімен азаматтар танысқан болар. Олар жобаға қатысты өз ойларын пайымдап, белгілі бір шешімге келді деп ойлаймын. Ең бастысы, бұл жоба қазіргі заманның барлық талаптарына, сұрауларына толық жауап береді. Себебі қоғам өзгерсе, талап өзгереді. Мұндай трансформациялар тиісінше заңның да белгілі бір деңгейде өзгеруіне себеп болады.

Рүстем ІЗТІЛЕУОВ,

«Курс Инвест ЛТД» ЖШС директоры,

қалалық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: