2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілген, – деп хабарлайды kursiv.media
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.
«Осы жұмыстар аясында мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттер сатып алынды. Мектеп жиһаздары жаңартылды. Кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды. Сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері күшейтілді», – делінген хабарламада.
Қанша мектеп жөндеуден өтті?
2023–2025 жылдардың қорытындысы бойынша:
• 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді;
• 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
• 2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
• 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
• 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
• 1 401 мектептің асханасы жаңартылды;
• 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
Пәндік кабинеттер есебі
2023–2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:
• 2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет);
• 2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет);
• 2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет).
«Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды. Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды», – делінген хабарламада.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырды. Бұл бағдарламаға бюджеттен 1,3 трлн теңге бөлінген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
