Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

29.08.2024

409 0

Сурет:Н.Нұржаубай

1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы 50%-ға дейін өседі. Бұл туралы Президент жолдауының орындалуы жайлы есеп берген Премьер-министр Олжас Бектенов  мәлімдеді.

Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы 15-50% шегінде өседі,- деп мәлімдеді Бектенов.

Үкімет басшысы  мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалып жатқанын да айтады. Сөзіне сенсек, мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталады. 

Ал келесі жылы студенттердің шәкіртақысы 20%-ға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл жайында 27 тамыздағы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеген еді.

«Қосымша орындарды ескере отырып, 2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінетін болады. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланған», – деген еді Тәкиев.

Еске салсақ, 3 тамызда қазақстандық абитуриенттер үшін жоғарғы оқу орындарына арналған мемлекеттік гранттар тізімі жария болды. Магистратура бойынша да мемлекеттік грант иегерлері де анықталған болатын.

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78 219 грант бөлінді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу балы жоғары болса да, грант ала алмай қалған мектеп түлектері наразылықтарын білдіріп, Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа беретінін мәлімдеді. Наразы болған жастар министрлік су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге 5000 грантты жеке емес, жалпы гранттан бөліп бергенін айтқан болатын.

Ал Ғылым министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңір түлектеріне квота гранттарын бөлу кезінде заң бұзылды дегенмен келіспейді. Министрлік «өз құзыреті шеңберінде» көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңір түлектеріне білім гранттарының 20%-ын берді. Ведомство бұл шешім заңға ешқандай қайшы келмейтінін мәлімдеді. 

Ақпарат көзі: kz.kursiv.media

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: