Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

18 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

31.08.2022

621 0

Жаңа оқу жылында аймақ бойынша 18 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды. Айта кетейік, биылдан бастап қазақ тілінде оқытатын мектептерде бірінші сынып оқушылары  қазақ тілінде, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын болады. Қазақ мектептерінде орыс тілі пәні 2 сыныптан басталса, ағылшын тілі 3 сыныптан бастап оқу жоспарына енгізіледі.

 – 2022-2023 жаңа оқу жылында аймақтағы 295 мемлекеттік және 16 жекеменшік мектептерде 182 мың оқушы білім алады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бес мың оқушыға артқанын білдіреді. Сондай-ақ биылғы  оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасы болып бекітілді. Тиісінше, сабақ жоспарының уақыты ұзартылып, оқушылар күніне 5-6 пәннен оқитын болады, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі оқу бағдарламасында бірқатар түзетулер енгізілді. Барлық сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен алынып тасталынды. Қаладағы үш ауысымда оқытатын 6 мектептен басқа барлық білім беру ұйымдары 5 күндік оқу аптасына ауыстырылған. Жалпы оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамту бойынша13баспамен 86 келісім-шарт жасалған. Осыған сәйкес637 313 дана жаңа оқулық алынып, екінші сынып кітаптары толығымен жаңартылған. Ал қалған сыныптың оқулықтары 20 пайызға толықтырылғане.  

Ал «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 7 105 балаға қаржылай көмек көрсетілсе, жергілікті бюджеттен 33 268 балаға – 37 389 теңгеденқаржылай көмек берілген.

Жаңа оқу жылында облыстағы 30 колледжде 20 мыңға жуық студент білім алады деп күтілуде.

– Орта оқу орындарындағы сабақтар дәстүрлі форматта басталады. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін өтініштерді қабылдау аяқталды. Нәтижесінде оқуға түсу үшін 6198 өтініш түссе, оның 4989-ы мемлекеттік білім грантына, 1209-ы ақылы негізде білім алуға құжат тапсырған. Биыл колледждерге бөлінген грант саны – 4708-ді құрап отыр,  – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

 Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: